614

Алматыда базар өртеніп жатыр

Өрт сөндірушілер Алматы базарындағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматыда базар өртеніп жатыр
ҚР ТЖМ

Өрт туралы қоңырау бүгін сағат 12 шамасында түскен.

«Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін «Кенжехан-2» киім базарының аумағында контейнерлік үлгідегі қоймада өрт болғаны анықталды. Өрт аумағы анықталып жатыр», - деді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.

Халықты базардан эвакуациялау жұмысы жүргізіліп жатыр. ТЖ жедел жою жұмыстарына Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелерінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде сағат 12.52-де өрт оқшауланды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.