ҰБТ нәтижесі жойылған талапкерлер тамызда тест тапсырса да, грантқа таласа алмайды

10.07.2023, 14:42
630
ҰБТ нәтижесі жойылған талапкерлер тамызда тест тапсырса да, грантқа таласа алмайды smartnews.kz

ҰБТ нәтижесі жойылған және тестілеуге кіргізілмеген талапкерлер тамызда тест тапсырса да, грантқа таласа алмайды. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Биылғы өзгеріс бойынша талапкер ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігінде ереже бұзса, екінші мүмкіндігін пайдалана алады. Былтыр бұл тұрғыда тәртіп қатаң болатын. Ереже бұзды ма, автоматты түрде екінші мүмкіндіктен айырылған.

Ал бір ғана мүмкіндікке тіркеліп, тест нәтижесі жойылған балалар тамыз айындағы ақылы ҰБТ-ға қатыса алады. Бұл оларға шекті балл жинай алған жағдайда жоғары оқу орнында ақылы негізде білім алуға мүмкіндік береді. Негізгі ҰБТ кезінде нәтижесі жойылған талапкерлер қаңтар мен наурыз ҰБТ-сында тест тапсырған болса, сол сертификатты көрсетіп, ақылы негізде оқи алады», - деп түсіндірді ол.

Орталық директоры ереже бұзған талапкерлерге биыл гранттан үміттенбеуіне болатынын айтты.

«Біз айтып отырған 700-ден астам адам тамызда ақылы ҰБТ тапсыра алады. Бірақ ақылы бөлімге ғана үміттене алады. Себебі грантқа тек жазғы ҰБТ сертифкаты ғана жарамды», - деді Руслан Емелбаев.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды