Ақмолалық оқушылар енді аттестатпен бірге колледж дипломын алып шығады

10.07.2023, 20:49
1100
Ақмолалық оқушылар енді аттестатпен бірге колледж дипломын алып шығады Liter.kz

Ақмола облысында колледждер базасында жоғары сынып оқушыларына жұмыс біліктілігін беретін пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті хабарлады.

Жаңа білім бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларына өз мектебінде білім ала жүріп, колледжде жұмысшы мамандықтарын қатар меңгеруге мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта 16 жұмысшы біліктілігі анықталды. Оқыту - күніне 2 сағаттан. Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінде 2 колледж анықталды. Онда оқушылар кәсіби дайындықтан өтеді», - дейді Ернат Жүнісов.

Пилоттық жоба бойынша Ақмола облысының оқушылары Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжі мен Степногорск қаласының жоғарғы колледжі базасында білім алады.

«Биыл пилоттық жобаға Көкшетау қаласының екі мектебі қатысады. Оқушылар аспаз, наубайшы, сәндік-қолданбалы өнер және дәнекерлеуші мамандығын оқиды. Степногор қаласында 9 мектеп бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Бұл мектептердің түлектері «Интерьер дизайны» және «автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша білім ала алады. Колледжде білім беру процесін жүргізу үшін білім беру бағдарламасы әзірленді, педагогтер дайын, арнайы пәндер шеберханалары мен кабинеттері жабдықталған», – дейді Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин.

Айта кетейік, оқуды аяқтағаннан кейін оқушылар мектеп аттестатымен қатар колледж дипломын алып, еңбек нарығына шыға алады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды