Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сот шешімі шықты

11.07.2023, 16:52
464
Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сот шешімі шықты smartnews.kz

Журналист Әйгерім Тілеужан мен белсенді Қалас Нұрпейісов 2022 жылғы қаңтардағы наразылықтар кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша кінәлі деп танылды. Бұл туралы толығырақ smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бүгінгі сотқа жүзден аса адам жиналған. Сот шешімі бойынша, Әйгерім Тілеужан төрт жылға, Қалас Нұрпейісов сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы үш қатысушы – Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменов – сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін прокурор Әйгерім Тілеужанға 5 жыл, қалғандарына 11 жыл беруді сұраған болатын.

Сотта барлық айыпталушылар әуежайды басып алуға қатысқандарын жоққа шығарды. 

"Біз әуежайда (наразылық кезінде) болдық, бірақ ол жерге әртүрлі жерлерден адамдар жиналды. Мен ол жерге ешкімді апарған жоқпын, (наразылықтарға қатысу үшін) баруға ешкімді мәжбүрлеген жоқпын", — деді Қалас Нұрпейісов. 

Ал Әйгерім Тілеужан өз кезегінде сотта журналист және белсенді ретінде тәртіпсіздіктер кезінде әуежайға барғанын айтты.

Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы деп танылған Тілеужан мен Нұрпейісов “Алматыдағы әуежай аумағында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды” делінген. 

Сондай-ақ, айыптау қорытындысында Қалас Нұрпейісов пен тағы үш адам "ғимараттарға шабуыл жасады" және "машиналарды тартып алып, басқалардың мүлкін ұрлады" деп жазылған.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың қаңтарында бүкіл Қазақстан бойынша наразылық митингілері өтті. Әуелде Жаңаөзен тұрғындары газ бағасының өсуіне қарсы бейбіт шерулерді бастады. Артынша үкіметке қарсы демонстрациялар тәртіпсіздік пен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығысқа ұласты. Қазақстанның бірнеше қаласында әкімшілік ғимараттар мен мемлекеттік мекемелер басып алса, ал Алматыда наразылық білдірушілер әуежайды басып алды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапқан.

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан 9 баллдық жер сілкінісіне дайын екенін айтты 12 жасар қызды зорлаған жетісулық педофил өмір бойына сотталып кетті Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты Ақтөбелік жасөспірімдер TikTok-қа қару ұстап түскен суреттерін жүктеген Алматылық дәрігерлер ота арқылы науқастың даусын сақтап қалды Ақтауда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті 15 жастағы қыз әкесін пышақтап өлтірді LRT-ның ақшасын жымқырған күдіктілердің бірі қайда екенін Интерпол анықтады Дональд Трамп Украинадағы соғысқа кінәлілердің бірі Зеленский екенін айтты Биылғы еліміздегі жаз бұрынғыға қарағанда өте ыстық болмақ Астаналық 15 жасар оқушы шахматтан Азия чемпионатының абсолютті жеңімпазы атанды Бүгін – Ғашықтар күні «Жаман адамның аты болса…»: Нұрлан имам азан шақырып қойылған есімді қалай өзгертуге болатынын айтты (ВИДЕО) «Қыздың әкесі жұмыста болған кезде зорлай берген»: Алматыда жантүршігерлік қылмыс анықталды Cот залынан қашып кеткен күдікті екі аптадан соң қолға түсті Меркіде мотоциклші жігітті жанармай бекетінде пышақтап кетті (ВИДЕО) «Көзге шөп салған адамды кешіру ақылға сыймайды»: Екатерина Жолбарыс отбасылық фотоларын жариялады Атырау әкімдігі маса улауға 193,6 млн теңге бөлген «Несі бар, жеңгетай боламын…»: Ләйлә Сұлтанқызы әнші Қазыбек Құрайышқа қыз іздеп жүр «Етегім ашылып кетсе де...»: Алтынай Жорабаева күйеуінің сыйлығын көрсетпесе болмайтынын айтты