Шегіртке туралы видео түсірген шаруалар бізден қашып жүр – министр

12.07.2023, 13:29
916
Шегіртке туралы видео түсірген шаруалар бізден қашып жүр – министр inform.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев шегіртке шабуылы жөніндегі түрлі видеоларға пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Өткен апта соңында министр Қостанай облысына барып, егін алқаптарын аралаған. Сондай-ақ, өңірлерде әкімдік жанынан жедел штабтар құрылған.

«Қостанайда шамамен 20 мың гектарда италиялық прус шегірткесінің ұшуы байқалды. Ол жаққа дер кезінде техникалар жеткізілді. Қосымша 40 мың гектар жер қосымша дәріленіп, мамандар жұмылдырылды. Шегірткеден еш шығын жоқ. Мессенджерлерде түрлі видеолар шығып жатыр, ал негізінде шығын болған жоқ», - деді Е. Қарашөкеев Үкімет кулуарында.

Сонымен бірге, министр шегіртке туралы видео түсірген фермерлерге үндеу жасады.

«Шегіртке туралы видео түсірсеңіздер, егінге шығын келтірді десеңіздер, мархабат, біз жылдам жауап береміз. Біздің мобильді топтарымыз бірден келіп, мәселенің мән-жайын тексереді. Кеше де Қостанайдың Наурызым ауданында шаруа қожалықтары 3-5 мың гектар егінге зақым келді деген еді, енді мамандарымыз барайын десе, қожайындары қашып жүр, жерін көрсеткісі келмейді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкіметте.
«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді