Алматылықтарға көшеге қоқыс тастағаны үшін 91 миллион теңге айыппұл салынды

12.07.2023, 13:46
518
Алматылықтарға көшеге қоқыс тастағаны үшін 91 миллион теңге айыппұл салынды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы тұрғындары жыл басынан бері қоғамдық орындарға қоқыс тастап, ұсақ құқық бұзушылық жасағаны үшін 91 миллион теңгеден астам айыппұл арқалады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Полиция ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады 11 шілдеде Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Біз бұл бағытқа ерекше мән береміз, өйткені қоқыс тастау, жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқа да заңсыз көріністер болсын, ұсақ құқық бұзушылықтар үшін жазаланбау азаматтардың күні ертең аса ауыр әрекеттер немесе қылмыстар жасауына алғышарт болады", – деп түсіндірді Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Алматы полициясы әкімшілік заңнамаға сәйкес қоғамдық орындарды ластау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатылатынын еске салды. Ондай жағдайда 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Алматыда жыл басынан бері аталған әкімшілік бап бойынша 5370 құқық бұзушылық анықталып, айыппұлдың жалпы сомасы 91 миллион теңгеден асты.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)