Деструктивті діни ағым өкілдерінен тұратын екі қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды - ҰҚК

12.07.2023, 16:21
477
Деструктивті діни ағым өкілдерінен тұратын екі қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды - ҰҚК ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш қалада адамдарды бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

4 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесті.

Үш мекеме бір мезгілде арнайы операция өткізді.

Бопсалау, бұзақылық және тонау күдігімен қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды.

Бірқатар тінту шаралары өткізіліп, нәтижесінде атыс және суық қару-жарақ, сондай-ақ есірткі тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілердің бас пайдасы үшін бейбіт азаматтарды қорқытқаны белгілі болды.

Өз кезегінде жапа шеккендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген.

Аталған топтар - бұрын сотталғандар және деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған.

Қылмыстық топ мүшелері бір бірімен текетіресте болғандары және белгілі бір аймақтарда өз әмірлерін жүргізу үшін қару қолдана отырып қақтығыстарға барғандары белгілі.

Іске асырылған шаралар өңірдегі қылмыстық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды