Белсенді Әйгерім Тілеужан тергеу изоляторынан хат жолдады

14.07.2023, 09:57
857
Белсенді Әйгерім Тілеужан тергеу изоляторынан хат жолдады qaz365.kz

«Әуежайды басып алу ісі» бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған Әйгерім Тілеужан хат жазды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Айыпталушы Әйгерім Тілеужанның көпшілікке қарата жазылған хатын журналист Данияр Молдабеков әлеуметтік желілерде жариялады. 

«Сотқа келіп, қолдау көрсеткендерге алғыс айтамын. Танитын да, танымайтын да адамдар болды. Келіспеушіліктерге қарамастан, бәрі келіп, бізбен бірге болды. Осы үшін өз халқымды мақтан тұтамын, әрі жақсы көремін. Көңілдеріңізді қалдырмаймын. Біз соңына дейін күресеміз: апелляция, Жоғарғы Сот, БҰҰ. Қамауда отырсам да, Берік Асыловпен (Бас прокурор) соттасуды тоқтатпаймын. Мен үшін алаңдамаңыздар. Менде бәрі жақсы. Ең бастысы, шындық біздің жағымызда. Бәріңізді жақсы көремін, сүйдім», - делінген Әйгерім Тілеужанның жазған хатында.

Еске сала кетсек, 11 шілде күні Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайды басып алу ісі» бойынша сот үкімі шықты.

Бұған дейін белсенділерге «Қаңтар оқиғасы кезінде стратегиялық объектілерге шабуыл жасап, мүлікті бүлдірді, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты» деген айып тағылған болатын.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, журналист Әйгерім Тілеужанды 4 жылға, ал Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамбет Шилібаев және Жанайдар Кәрменовті 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дабыл! Астана аспаны жабылады! Қарттарды әбден азаптаған пансионат қызметкері небәрі 3 жылға сотталды Депутат Дәулет Мұқаев «Алатау серілері» тобын оқытушыларға мәжбүрлеп билет сатқызды деп айыптады Екі сутенер әйел 14 жасар қыздың тәнін саудаға салып, есірткімен улаған (ВИДЕО) Балалардың балабақша шатырына шығып ойнағаны, жұртты шошытты (ВИДЕО) Келінін балағаттаған мас қайын атаға заң арақ ішуге тыйым салды Семейде әйел адамды жүк пойызы басып кетті (ВИДЕО) Енді 59 жастағы ерлер мен 57 жасқа дейінгі әйелдер ғана «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тәлім ала алады «Бұршақ, жел, жаңбыр»: 16 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Президенттікке кандидат боламын деп шештім»: Дина Төлепберген маңызды мәлімдеме жасады Кәріз шұңқырына құлап, қаза тапқан 6 жасар баланың туыстары әкімдікті кінәлап отыр «Бүгін итті, ертең адамды…»: Семейде қаскөйлер итті ағашқа асып, оның өлгенін күткен Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан 9 баллдық жер сілкінісіне дайын екенін айтты 12 жасар қызды зорлаған жетісулық педофил өмір бойына сотталып кетті Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты Ақтөбелік жасөспірімдер TikTok-қа қару ұстап түскен суреттерін жүктеген Алматылық дәрігерлер ота арқылы науқастың даусын сақтап қалды Ақтауда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті 15 жастағы қыз әкесін пышақтап өлтірді LRT-ның ақшасын жымқырған күдіктілердің бірі қайда екенін Интерпол анықтады