Ауылдасын балтамен ұрған: Сарыағашта 5 жасар қызды өлтірген күдікті екі ай бұрын неге түрмеге отырмады

14.07.2023, 19:36
1869
Ауылдасын балтамен ұрған: Сарыағашта 5 жасар қызды өлтірген күдікті екі ай бұрын неге түрмеге отырмады zakon.kz

Сарыағашта қыз зорлады деген күдікті мұның алдында адам өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырып келген. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жібек жолы ауылында кішкентай қызды зорлады және өлтірді деп күдікке ілінген ер адам 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

2016 жылы ол жазасын өтеп болған соң босатылған.

Аталған соттылық Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің анықтамасына сәйкес 2022 жылы өтелген.

Биылғы мамыр айында денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған.

Сотталушы жәбірленушімен бірге алкоголь ішіп, ауызша жанжалдан кейін оны тұрмыстық балтамен ұрған.

«Сот осы қылмыстық істі қарау барысында кінәні жеңілдететін мән-жайды ескерді. Ол - сотталушының кінәсін толық мойындауы және жасаған ісіне өкінуі, келген зиянның орнын толтыруы. Сондай-ақ жәбірленушінің өзі оны кешіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Үкім шыққан кезде сотталушының соттылығы болған жоқ, өйткені ол заң бойынша өтелген. Кінәні ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Осыны ескере отырып, сот ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша сотталушыны кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығын шектеді. Жаза жәбірленушінің пікірін ескере отырып, аталған баптың санкциясы шегінде тағайындалады» - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Үкімге апелляциялық шағым түспеген немесе наразылық білдірілмеген.

Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған ер адам қылмыстық-атқару жүйесі органдарының пробациялық бақылауына берілген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды