Еліміздің жас инженерлері Индонезияда жоғары мәртебеге ие болды

15.07.2023, 09:07
474
Еліміздің жас инженерлері Индонезияда жоғары мәртебеге ие болды gov.kz

Еліміздің студенттік «SU Racing Team» командасы Индонезияда өткен жарыста автокөлік жасап шығарды. Бұл туралы smartnews.kz сайты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Shell Eco Marathon Asia-Pacific and the Middle East 2023 халықаралық студенттік инженерлік командалар біріншілігіне еліміздің инженер студенттері барған болатын. Жарысқа Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Таяу Шығыс елдерінің 80-нен астам университет командалары қатысқан. Қазақстандық студенттер 1 кВт/сағ электр батареялы энергиямен 261,1 км жол жүрген модульдік бөлшектелетін автокөлік құрастырып шыққан.

«SU Racing Team» командасының Қытай, Филиппин, Индонезиядан келген командаларға тежеу механизмін орнату, реттеу және техникалық тексеруден өтуге көмектесуінің нәтижесінде «SU Racing Team» командасы Spirit of Shell Eco-marathon Award Winner жүлдесімен марапатталған. Аталған марапат жарысқа қатысқан командалардың бір-біріне өзара көмек көрсеткені үшін берілетін награда. Қазақстаннан барған студенттердің арқасында жоғарыда аталған елдердің командалары техникалық байқаудан өтіп, жарысқа қатысуды жалғастыра алды, сөйтіп жарыс жолына шықты.

«SU Racing Тeam» командасының капитаны Әлібек Ибраим жарысқа қатысты өз әсерін бөлісті.

– Соңғы үш күн үміт пен үрейге толы болды, әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты командалар жиналды, олар – технологияны әзірлеу, сатып алу және пайдалану үшін «космостық» қаржы жұмсаған ең  күшті командалар. Аз ғана уақыт ішінде біз нағыз сенімді машина құрастыра алғанымызға және әділ қазылар көптеген қатысушылар арасынан біздің команданың жұмысына жоғары баға бергеніне мен өте қуаныштымын, – дейді команда капитаны.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)