Қытайда балаларды әдейі уландырған балабақша тәрбиешісі дарға асылды

15.07.2023, 11:36
1348
Қытайда балаларды әдейі уландырған балабақша тәрбиешісі дарға асылды stranabolgariya.ru

Хэнань провинциясы Цзяоцзо қаласының орта деңгейлі халық соты 25 баланы натрий нитратымен қасақана уландырған бұрынғы балабақша тәрбиешісінің дарға асылғанын растады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Пэнпай» басылымының хабарлауынша, 2019 жылы наурызда Цзяоцзо қаласындағы балабақшалардың бірінде балалардың тамақтан жаппай улануы тіркелген. Полиция тергеуден кейін анықталғандай, тәрбиеші Ван Юнь балалардың таңғы асына натрий нитратын қосқан. 25 бала зардап шегіп, олардың бірі 10 ай ем қабылдағаннан кейін көз жұмған.

Оның қылмысқа баруына балабақшадағы әріптестерінің бірімен туындаған жанжал түрткі болған.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ата-аналар бұрынғы тәрбиешінің кешірімін қабылдамаған. Сондай-ақ, тергеу барысында тәрбиеші балаларды ойламағанын, әріптесінен кек алмақшы болғанын мойындаған.

Тергеушілер 2017 жылы әйелдің күйеуімен тұрмыстық жанжал кезінде оның сусынына натрий нитратын қосқанын анықтады. Салдарынан күйеуі орта деңгейде уланған.

Улаушы 13 шілдеде дарға асылды.

Еске салайық, таяуда Қытайдың Гуандун провинциясында балабақшаға ер адам пышақпен шабуылдаған. Алты адам қаза тапты.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді