Эксперимент: 70 000 теңгемен күн көрмек болған блогердің 2 аптада ақшасы бітіп қалды

16.07.2023, 13:04
824
Эксперимент: 70 000 теңгемен күн көрмек болған блогердің 2 аптада ақшасы бітіп қалды glebponomarevkz

Ең төменгі 70 000 теңге жалақымен 1 ай өмір сүрмек болған блогер Глеб Пономарев 2 апта болмай экспериментін тоқтатты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Блогер ақшаны барынша жеткізу үшін максималды түрде үнемдеген. Пәтер ақысы мен отбасы мүшелеріне кететін қаражатты қоспағанның өзінде, 70 000 теңге 13 күнге ғана жеткен.

Оның айтуынша, экспериментті жасаудағы басты мақсаты – расымен 70 000 теңгеге өмір сүрудің рас-өтірігін дәлелдеу. Сондай-ақ Пономарев барынша үнемдеп болсын дұрыс тамақтануға тырысқан. Десе де, ақша нан мен судан артылмайтындай деңгейде болған.

Блогер Глеб Пономарев 13 күнде белгіленген қаражатты мына нәрселерге жұмсаған:

Коммунал қызметі: 15 000 (21,4%)
Азық-түлік: 32 032 (45,7%)
Тұрмыстық химия: 2 284 (3,2%)
Шаш қию: 4000 (5,7%)
Ұялы байланыс: 2 490 (3,5%)
Жол ақысы: 480 (0,6%)
Дәріхана: 15 020 (21,4%)

Эксперимент барысында блогер барынша үнемдеген. Ешқандай ойын-сауық, тамақтану, фитнес залдар мен кинотеатрларға бармаған. Ешқандай тәттілер, алкоголь мен кофе қолданбаған. Достарымен де кездесуді доғарған. Эксперимент барысында бұл жағдайлар блогердің әлеуметтенуіне кедергі келтірген.

«Егер де экспериментке тым болмаса бір баламды қосып, киім алу, несие, ем-домды қосар болсам, экспериментім 2-3 күнде-ақ бітіп кетер еді», - дейді блогер.

Сондай-ақ эксперимент барысында Пономарев алғашқы күннен-ақ ақшаның жетіспеушілігін ойлап, қатты мазасызданғанын айтты. Негатив, ашушаңдық, апатия, қорқыныш сезімдерінің кесірінен, ақшаны қалай жеткізерін ойлап, қатты стресске түскен. Екі аптада ол 2,5 кг-ға арықтап, ауруға шалдыға бастаған. Эксперимент аяқталған соң блогер психолог терапиясына баруды жоспарлап отырғанын айтты.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді