Қарағанды облысындағы энергокомпанияны тексеру Бас прокуратураға жіберіледі

17.07.2023, 10:45
597
Қарағанды облысындағы энергокомпанияны тексеру Бас прокуратураға жіберіледі primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Отырыста Қарағанды облысының 30-ға жуық елді мекенін электрмен қамтамасыз ететін жеке энергетикалық компанияның қызметі қаралды.

Отырысқа қатысушылар кәсіпорынға тиесілі электр желілерінің әбден тозығы жеткені атап айтты. Жөндеу жұмыстары жүргізілмеген әрі апаттық бригадалар тапшы. Жалпы тексеру барысында анықталған қайшылықтар жойылмаған. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар электр қуатының жиі себепсіз өшіп қалуына, электр қуатының тапшылығына, кері байланыстың толық болмауына, тағы басқа да мәселелер бойынша шағымдар айтып келеді.

Әлихан Смайылов кәсіпорынға қатысты жиналған материалдарды талдап, қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға беруді тапсырды.

Сондай-ақ отырыста бұрын жеке меншікке берілген жоғары білім саласындағы кейбір активтерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесі талқыланды. Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті құжаттар мен шарттарға тексеру жүргізуді және оларды жасасудың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды. Бұл ретте Әлихан Смайылов осы мекемелердегі оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігіне баса назар аударды. Өйткені бастамашылық жасалған тексеру студенттерге немесе жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне қатысты емес. 

Отырыстарда сондай-ақ теміржол көлігі саласында бірқатар монополияға қарсы шараларды іске асыру мәселесі қаралды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды