Қостанайда баланың бұғанасын сындырған тәрбиеші сотталды

18.07.2023, 19:20
684
Қостанайда баланың бұғанасын сындырған тәрбиеші сотталды smartnews.kz

Қостанайда №61 балабақша тәрбиешісіне үкім шықты. Ол орындықта отырған баланы тартып қалып, бұғанасын сындырған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

№2 Қостанай қалалық сотында №61 балабақша тәрбиешісі Айсұлу Деріпсәліге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшін (ҚК 141-бабы 1-бөлігі) сот алдында жауап берді.

«2022 жылдың 28 маусымында Д. «Көбелек» тобының ойын залында тәрбие сабағын өткізу кезінде тәрбиешіге арқасымен орындықта отырған тәрбиеленуші М.-ге ескерту жасаған, бірақ ол тыңдамаған.

Тәрбиеші бала отырған орындықты жұлқып, оны өзіне тартқан. Салдарынан бала орындықтан құлап, жарақат алды. Оның сол жақ бағанасы жабық күйде сынған», - деді облыстық сотта.

Сот отырысында прокурор 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын сұрады.

Зардап шегуші – баланың әкесі мемлекеттік айыптаушының ұстанымын толық қолдады. Сотталушы кінәсін мойындап, өкінді.

«Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні толық мойындауын және өкінгенін есепке алды.

Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот айыпталушыны педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызмет атқару құқығынан айыра отырып, жазасын өтеу мерзімінде пробауиялық бақылау жазасын белгілеп, 44-баптың 2-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктей отырып 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеді», - деді облыстық сотта.

Сот заңды күшіне енген жоқ.

Оқиға былтыр жазда болған. Балабақша басшылығы бұл оқиғаға мән бермеген, ал полиция мұны қылмыс деп қарастырмаған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды