749

Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді

Каспий теңізінде тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі орталығына сілтеме жасап.

Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді
smartnews.kz

Жер сілкінісін зерттеу бюросының мәліметінше, Каспий теңізінде (Дағыстан аумағында) жергілікті уақытпен 13:19-да магнитудасы 3,3 жерасты дүмпуі тіркелген. Зілзала эпицентрі 66 км тереңдікте.

Бұл – осымен екінші рет болған жер сілкінісі. Магнитудасы 3,5 болатын бірінші зілзала жергілікті уақыт бойынша 10:31-де Каспий теңізінде Түркіменстанмен шекарада тіркелген еді. Жер сілкінісінің эпицентрі 63 км тереңдікте болған.