ҰҚК Алматы қаласынан 2 есірткі зертханасы мен ірі қойманың көзін жойды
2023 жылғы 12 және 14 шілдеде Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген іс-шаралар нәтижесінде 2 есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасы жойды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Тәркілеу кезінде 10 келіден аса «мефедрон» синтетикалық есірткі, 15 тоннаға жуық прекурсорлар, сонымен қатар 4-5 есірткі зертханасын іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар анықталған.
Есірткі әзірлеу үстінде республикамыздың 4 азаматы ұсталып, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Сондай-ақ аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатып.
ҰҚК баспасөз қызметінің берген ақпаратына сәйкес, комитет биылғы жыл басынан бері 24 есірткі зертханасын, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арналарын жойып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан аса прекурсорларды тәркілеген.