Алматы облысындағы жол апатында қоршау көлікті тесіп өткен (ВИДЕО)
Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Оқиға 18 шілдеде сағат 18:20 шамасында болған. Жүргізуші рөлді басқара алмаған. Салдарынан көлік жол жиегіндегі темірдің ортасына кіріп кеткен. Алматы облысы ПД қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"26 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 109 шақырымында келе жатып, рөлді басқара алмай, жол жиегіндегі темірге соғылған. Бұл дерек Конаев атындағы ПБ-де Қылымыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.