Жетісуда жүк көлігін тонаушы топ ұсталды

19.07.2023, 15:11
431
Жетісуда жүк көлігін тонаушы топ ұсталды polisia.kz

Түнделетіп жүк көлігін тонайтын топ полицияның қолына түсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ Жетісу өңірі арқылы Алматы – Өскемен тас жолының бойымен транзитпен кетіп бара жатқан ауыр жүк көліктерінен мүлікті ұрлаумен айналысқан.  Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгеннің арқасында топ қолға түскен.

Дәлірек айтқанда 10 шілдеде алты адамнан тұратын топ ұсталып, олардың жүйелі түрде аса дөрекілікпен ірі партиялы жүк көліктерден түрлі тауарларды ұрлағаны мәлім болды. Бұл топтың жұмысы ұрланған мүлікті сатуға дейін барған.

Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Әбдікенов бұл іске қатысты мынадай түсініктеме берді:

— Қылмыскерлердің бір схема бойынша әрекет еткені анықталды: олар түнде тас жолға шығып, фураның артында жүріп келе жатып, трассада жүк көлігі жылдамдығын бәсеңдететін және теңселмей жүретін жерлерді таңдамақ болған. Өз көліктерінің шамдарын алдын ала сөндіріп, көліктің шағылыстыратын элементтерін жапсырып қоюға тырысқан.

Қарақшылар ауыр жүкке жақындап, онымен түйісу кезінде ілгегі бар арнайы жасалған баспалдақтың көмегімен жүк көлігінің төбесіне көтерілген. Екеуі жүк көлігінің төбесіне шығып, тенттің жоғарғы бөлігін кесіп, біреуі фураның ішіне кіріп, екіншісіне тауарды беріп отырды. Оның барлығы жол жиегіне лақтырылған.

Біраз уақыттан кейін, сыбайластары ГАЗель автокөлігімен тауарларды жинауға кіріскен. Ұрланған заттарды сатуға Алматы қаласындағы таныстары көмектескен. Қазіргі уақытта бірнеше адамның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – дейді ведомство өкілі.

«4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО)