Ақтауда мас әйел 2 баласымен кіреберістегі бетонда ұйықтаған (ВИДЕО)

19.07.2023, 17:28
715
Ақтауда мас әйел 2 баласымен кіреберістегі бетонда ұйықтаған (ВИДЕО) Видеодан алынған кадр

Ақтауда әйел кішкентай балаларымен көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бетон еденге ұйықтап қалған. Бұл туралы inAktau.kz хабарлады.

Оқиға 17 шілдеге қараған түні болған. Жағдайды видеоға түсіріп алған куәгірлердің айтуынша, әйел мас болған.

Кейін куәгерлер полицияға жүгінген. Бірақ оларды ұзақ күтуге тура келген. Сонымен қатар балаларды тоңып қалмас үшін үйлеріне апармақ болған. Алайда балалар оған көнбеген. Бейнежазбаға қарағанда, кейін қамқор адамдар оларға жылы көрпе әкеліп берген.

Маңғыстау облысының полиция департаменті 16 шілдеде сағат 23:40 шамасында «102» кезекші пультіне 11-шағын аудандағы №33 үй кіреберісінде 2 баласы бар әйелдің мас халде жүргені туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.

- Шақыруға келген полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балалары бар әйелдің жеке басын анықтау барысында тұрғылықты жерде тіркеуі жоқтығы белгілі болды. Балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Әйелге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы («Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ал облыстық балалар ауруханасы сәбилердің (2019 жылы туған ұл, 2021 жылы туған қыз) жағдайы қанағаттанарлық екенін, алдағы 7-10 күнде олар дәрігерлердің бақылауында болатынын айтты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды