Донер ішіне телефон жасырып, изоляторға өткізбек болған ақтөбелік ұсталды

19.07.2023, 18:31
497
Донер ішіне телефон жасырып, изоляторға өткізбек болған ақтөбелік ұсталды Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе тұрғыны тергеу изоляторында отырған досына телефон жеткізбек болды. Ол байланыс құралын донер ішіне жасырған. «Тосын сый» сәлемдемені тінту кезінде тәркіленді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтөбедегі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 мекемесінде сәлемдемелерді тексеру кезінде ұялы телефон тәркіленді. Жұқалтырға оралған телефон мен SIM карта донер ішінен шықты.

«Ақтөбелік кінәсін толық мойындады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды», - дейді №70 мекемесінің бастығы Аман Құлмұхамбетов.

Оның айтуынша, тыйым салынған заттарды Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша күдікке іліккен досына жеткізбек болған. Сөйтіп, азық-түлік әкелген кезде, ебін тауып жасырады.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратованың айтуынша, тергеу изоляторы режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру барысында биыл 19 телефон тәркіленген болса, өткен 2022 жылы 21 телефон алынған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды