Астанада 1 500-ден астам заңсыз жарнама мен баннер алынып тасталды

20.07.2023, 17:37
435
Астанада 1 500-ден астам заңсыз жарнама мен баннер алынып тасталды Астана қаласының әкімдігі

Астанада қала келбетін дизайн-кодқа сәйкестендіру жұмысы жалғасып жатыр. Қазір заңсыз ілінген 1 500-ден аса маңдайша мен жарнама баннері алынып тасталды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің хабарлауынша, заңсыз ілінген маңдайша мен жарнама баннерінің алынып тасталуына 2019 жылы желтоқсан айында қала мәслихатында бекітілген дизайн-код негіз болған. Алайда пандемия басталып, жұмыс кейінге шегерілген. Биыл заңсыз ілінген жарнама мен баннерді алып тастау жұмысы қайта қолға алынды.

Бұл жұмыс «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелді. Қазір ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбетіне маңдайшаларды орналастыру тұжырымдамасы әзірленді. Онда бизнес өкілдеріне елорданың сәулеттік сәнін бір стильге келтірудің үлгісі көрсетілген. Урбанистика орталығы мен әкімдік қызметкерлері әр ауданның кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырып, тұжырымдаманы талқылады.

«Астана-Жарнама» МКМ басшысы Асылбек Төлемісұлының айтуынша, маңдайшалар қасбеттің негізгі фризінен ерекшеленетін фонсыз (субстратсыз) болуы керек. Негізгі жазу фриз биіктігінің 70%-ынан аспауға тиіс. Барлық белгілер қасбеттің бір сызығында болуы керек және қажет болған жағдайда қасбеттің стиліне бейімделуге тиіс. Белгілерде монохромды және үнсіз түстерді қолданған жөн. Белгілі бір жағдайларда, белгінің техникалық күрделілігі ретінде фриздің түсіне немесе құрылымына ұқсас фондық субстратқа рұқсат етіледі. Бұл жағдайда фриз немесе қасбет бөлігі бастапқыда жіксіз болуы керек. Маңдайшаларды жалпы симметрияны, қасбеттің визуалды қабылдауының тұтастығын бұзбайтындай етіп орналастыру қажет. Белгі ғимараттың архитектуралық элементтерімен қабаттаспағаны жөн.

Қазір «Астана-Жарнама» МКМ мамандары жұмыс тәртібін бекіткен. Тәртіп бойынша әуелі мүлік иелерінің бірлестігіне ескерту жасалады. Олар өз кезегінде шағын және орта бизнес өкілдеріне хабарлама таратады. Егерде кәсіпкер маңдайшаны немесе жарнаманы шеше алмаса, аудандық әкімдіктің жұмысшылары жіберіледі.

- Бірінші кезектегі жұмыс елорданың орталық көшелерінен, атап айтқанда Бауыржан Момышұлы даңғылынан, №2 үйден, Республика даңғылынан, №5 үйден басталды. Апта сайын үй-жайлардың иелерімен бейберекет орналастырылған жарнаманы ауыстыру жайында кездесулер болып, түсіндіру жұмысы жүргізілуде, –  деді «Астана-Жарнама» МКМ басшысы.

Оның айтуынша, мысалы «Көркем» тұрғын үй кешенінің қасбеті жылдам ретке келтірілді. Өйткені кәсіпкерлер бір ауыздан қолдау білдірген. Дәл сол сияқты Алматы көшесінің бойындағы «Айсанам» және «Ақжайық» тұрғын үй кешендерінің сырты келбеті де көз тартады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)