629

ШҚО-да оқушылар мектеп пен колледжде қатар оқи алады

Білім беру саласындағы жоғары сынып оқушыларына ерекше эксперимент жасалып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

ШҚО-да оқушылар мектеп пен колледжде қатар оқи алады
smartnews.kz

ШҚО-дағы төрт колледж эксперимент үшін оқуға 10-11 сынып оқушыларын қабылдады. 
Студенттер осылайша мектеп пен колледжде қатар оқу мүмкіндігін алып отыр.

"Орта білім беру ұйымдарында білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген және қорытынды аттестациядан өткен білім алушыларға сертификат, ал кәсіптік білім беру ұйымдарында оларға біліктілікпен қатар, диплом беріледі", – дейді ШҚО білім беру басқармасы.

Экспериментті іске асыратын оқу орындары мыналар:
– Өскемен құрылыс колледжі
– “Квансон” қазақ-кәріс колледжі
– Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі
– Марқакөл ауылдық мектеп-интернат-колледжі

Әзірге экспериментке қатысуға 40 мектеп оқушысы ықылас білдірген.

Материал авторы