Маңғыстау кәсіпкерлері тұңғыш рет халықаралық ірімшік байқауында Қазақстан намысын қорғайды

22.07.2023, 11:45
535
Маңғыстау кәсіпкерлері тұңғыш рет халықаралық ірімшік байқауында Қазақстан намысын қорғайды inform.kz

Түпқараған ауданындағы «Жеті лақ» фермасының негізін қалаушы Кобзевтер отбасы ешкі мен түйе сүтінен ірімшік өнімдерін шығарумен айналысады. Биыл олар Mondial du fromage-2023 халықаралық ірімшік байқауына қатысады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерекше атап өтетін жайт, бұл халықаралық конкурсқа Қазақстаннан үміткерлер бұрын соңды қатыспаған.

Осы жөнінде және ірімшік өндірісінің мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлер өңір басшысы Нұрлан Ноғаевқа Түпқараған ауданына жұмыс сапары кезінде айтып берді.

Маңғыстаулық «Жеті лақ» фермасы Le mondial du fromage-2023 халықаралық ірімшік байқауында Қазақстанның өнімдерін таныстырады.

photo

 

Бұл - қазақстандықтардың конкурс ұйымдастырушыларынан аккредитация алған алғашқы жағдай.

2020 жылдан бастап жұмыс істейтін «Жеті лақ» фермасы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында орналасқан.

Кәсіпкерлер пастерленген ешкі сүтін, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарады.

Кобзевтер отбасы айына 3,5 тонна ешкі сүтін өндіреді. Ферма 10 га жерді алып жатыр, оның төрт гектары ешкі өсіруге арналса, қалған аймақта жем-шөп қоймасы мен сүт өңдеу цехы орналасқан.

photo
photo

 

- Биыл біз өндірісті дамытуға бағытталған қайтарымсыз 5 млн теңге грант ұтып алдық. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламаларының қатысушыларымыз. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын өз ақшаңа дамыту өте қиын, осы тұрғыда мемлекет ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырғаны қуантады. Биыл біз үшін маңызды оқиға - Mondial du fromage-2023 халықаралық ірімшік байқауына қатысу. Онда біз өз өнімдерімізді таныстырамыз. Айта кету керек, еліміз тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан алғаш рет әлемдік ірімшік жасаушылар байқауына өз өнімін ұсынбақ, - деді ірімшік дайындаушы Александра Григолова.

photo

 

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев кәсіпорынның жетістігі мен Маңғыстау ірімшік өндірушілерінің әлеуеті зор екенін атап өтті.

- Маңғыстауда өндірілетін қазақстандық ірімшіктер жақын арада отандық экспортты дамытудың негізгі драйвері бола алады. Сіздердің халықаралық деңгейдегі байқауда елімізді таныстыру мүмкіндігіне ие болғаныңыз қуантады. Сіздерге сәттілік тілей отырып, кәсіпкерлердің бастамаларын қолдауға әрқашан дайын екенімізді айтқым келеді - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Франциялық Le Mondial du fromage байқауы қыркүйек айының 10-12 аралығында Тур қаласында өтеді.

Еуропада өтетін бұл халықаралық іс-шара - сүт өнімдерін шығарушы кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсына алатын жоғары деңгейдегі алаң.

 

Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО)