Атырау облысында жарты жылда кісі өлтіру қылмысы 55 пайызға өскен

22.07.2023, 15:26
495
Атырау облысында жарты жылда кісі өлтіру қылмысы 55 пайызға өскен smartnews.kz

Атырау облысында биылғы 6 айда қылмыс түрлерінің өскені байқалып отыр. Оның ішінде кісі өлтірумен байланысты қылмыстар 55 пайызға өскен, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атырау облыс прокуроры Бауыржан Жұмақановтың төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Онда құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қылмыстың алдын алу бойынша өзара іс-қимылының тиімділігі, шешу жолы талқыланды.

Облыс прокуроры Бауыржан Жұмақановтың мәліметінше, биылғы 6 айда қылмыс 5%-ға өсумен сипатталып отыр.

Оның ішінде кісі өлтіру 55%, жол-көлік оқиғасы 35%, бұзақылық 32%, алаяқтық 27%, интернет-алаяқтық 44% өскен.

«Балалар қылмысы 48% өсті. Бұл – алаңдатарлық факт. Өйткені, балалар – біздің болашағымыз. Жасөспірімдердің тәрбиесі мен араласатын ортасы тек ата-аналардың ғана емес, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және полиция органдарының назарында болуы керек. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне байланысты ювеналды қызметтердің жұмысын ұйымдастыруды қайта қарау қажет», -деді Бауыржан Жұмақанов.

Оның дерегіне сүйенсек, өңірде жол-көлік оқиғаларынан өлім-жітім 35% өскен. Ал, әр түрлі дене жарақатын алғандар саны 7% өсіп отыр.

«Күн сайын дерлік жол-көлік оқиғалары тіркеледі. Соның салдарынан мерт болғандар да бар. Сондықтан полиция қызметкерлеріне көлік қозғалысын жіті патрульдеуді күшейтуді ұсынамыз», -деп мәлім етті Бауырдан Жұмақанов.

Облыс прокуроры тиісті органдар назарына қылмыстың алдын алу үшін бірнеше бағытты ұсынды.

Бұл – алкогольді заңсыз сатумен, есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күресті жандандыру, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, өңірдегі криминогендік жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретін жұмысты жаңа форматқа ауыстыру.

«Қазір – формальдылықтан бас тартып, нақты нәтижеге қол жеткізуге баса назар аударатын кезең. Осы орайда профилактикалық іс-шараларды өткізуге түбегейлі жаңа көзқарас қажет», -деді облыс прокуроры.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген