Қарағандылық кәсіпкер жердің құртынан табыс тауып отыр

23.07.2023, 14:27
1140
Қарағандылық кәсіпкер жердің құртынан табыс тауып отыр inform.kz

Калифорния құрты қарағандылық кәсіпкер Нұрбек Оралов үшін табыстың көзі болып отыр. Ол сәуір айында ауласынан арнайы орын дайындап, құртты өндіріске жіберген. Одан алған биогумус егістік жердің құнарын арттырады.

Калифорниялық жердің құрттары шіріген органикалық заттарды «жеу» арқылы жердің құра­мын гумуспен байытып, құнарлы қа­ра топыраққа айнал­дырады.

Оған күнделікті төрт түліктің тезегін салып қорытады. 4 айда өнім пайда болады.

«Ютуб арқылы қарап тауып алдым да, содан былтыр шілде айында бастадым. Содан екі қорабын алып, тәжірибе жинадым. Кейін Казверм деген коператив ашылды Алматыда. Соған қабылданып, оқуын оқып сертификат алдық», - дейді кәсіпкер Нұрбек Оралов.

photo

Калифорния шылаушыны көн астында 16 жыл өмір сүреді. Тыңайтқыш өндіру процесін тоқтатпайды.

Биогумуска айналған соң топырақ арнайы үккіштен өтеді. Былтыр кәсіпкер 30 қап тыңайтқыш шығарған.

Сатып еңбегінің жемісін көріпті. Енді биыл кәсібінің ауқымын кеңейтпек.

«990 млн Қазақстанның гектар жері тозып кеткен. 30 млн гектар жер мүлдем жарамсыз болып қалған. Қазір мынау селитра деген минералды тыңайытқыш адам өміріне зиян. Ол - химиялық тыңайытқыш. Ал мынау табиғи таза тыңайтқыш», - дейдң кәсіпкер.

photo

Нұрбек Ораловтың бақшасында көкөніс, жеміс-жидектер баршылық.

Құнарландыру әдісімен алынған топыраққа қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, қызылша еккен. Биыл мол өнім күтіп отыр.

«Мына бізде қалай? Aуылдарда мысалы малдан шыққан көңді шығарып тастап жатады. Бұрын бақшаға жайып пайдалануға болатын. Қазір халық түсінбей барады мұны. Бұл негізі келешегі зор бизнес. Бәсекелес деген болмайды, сататын жерлер деген жетеді. Әр қазақ айналысса табысқа жетер еді», - дейді Нұрбек Оралов.

Кәсіпкер осы бизнестен мемлекеттен қолдауға ие болды.

2 пайыз жеңілдікпен несие алды. Оның үстіне биогумуска субсидия да беріле бастаған.

Бұл - бабын білгенге жер құрты да байлық береке екенінің көрінісі.

photo
photo
«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді