661

Қарағандыда 10 тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды

Қарағандыда сот шешімімен 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қарағандыда 10 тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды
smartnews.kz

Құрылыстың тоқтауына себеп – салушылар рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа кіріскен. Оны жоспардан тыс тексеру кезінде МСҚБ басқармасы анықтады.

Жөнсіз құрылыс салушылар мониторинг барысында, Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімімен анықталған.

– Деректер бізге берілген соң, 10 компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, бұзушылықтар туралы сотқа шағым түсірдік. Құрылыс салушылар ҚР ӘҚБтК-нің 314 "Жобалық құжаттамасыз құрылыс", 321 "Авторлық-техникалық қадағалаусыз құрылыс жүргізу" және 463 “МСҚБ талон-хабарламасысыз құрылыс жүргізу" баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығына айыппұл салынды, – дейді Мемлекеттік құрылыс инспекторы Думан Қасымжанов.

Рұқсатсыз құрылыс салушылар тізіміне келесі компаниялар кірген:

- "T-K Building" ЖШС ("Al-Farabi" ТК);
- "TT INVEST-2022" ЖШС ("Хан" ТК);
- "Satti Lux Stroy" ЖШС ("Нұра" ТК);
- "Baiterek-2022" ЖШС ("Аманат" ТК);
- "СМК Group" ЖШС ("Baiterek" ТК);
- "Григорян Ш. Н." ЖК (КТ);
- "TBL building" ЖШС ("Tole Bi 2" КТ);
- "Revival Alliance" ЖШС (Ержанов к-сі, 63/2);
- "ККК Бетон" ЖШС ("Бақытты отбасы" ТК);
- "Optima-Stroy" ЖШС ("Династия" ТК).

Егер басқарма ескертуі қаралмаса, нысан пайдалануға жіберілмей, қабылдау актісін алмайтын болады.