Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан адамның отбасына қаржылай көмек көрсетілді
Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталық қаза тапқан жанның отбасына көмек көрсетуге бастамашылық жасаған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Жамбыл облысының тұрғынынан отбасының жалғыз асыраушысы – күйеуінен айырылғанына байланысты қаржылай көмек көрсету туралы өтініш келіп түскен.
Әйелдің кәмелетке толмаған үш баланы жалғыз тәрбиелеп жүргенімен қоса, қаржылық жағдайы қиындаған.
Мән-жайды назарға ала отырып, Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық Жамбыл облысының әкімдігіне осы жанұяға материалдық қолдауға жәрдемдескен.
«Отбасыны Жамбыл облысының әкімдігі қолдап, «Әулие-Ата-Демеу» корпоративтік қоры және басқа да демеушілер қаржылай көмек көрсетті, оқушылар киім-кешекпен қамтамасыз етілді», - делінген орталықтың берген ақпаратында.
Материал авторы