ШҚО-да отбасы жарты жыл іздестірген әйелді өзінің 15 жастағы ұлы өлтірген болып шықты

24.07.2023, 12:04
2057
ШҚО-да отбасы жарты жыл іздестірген әйелді өзінің 15 жастағы ұлы өлтірген болып шықты smartnews.kz

Шығыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім өз анасын өлтіріп, анасының мәйітін ешкім көрмейтін жерге жасырған, деп хабарлады YK-news.kz.

Оқиға Өскемен қаласының маңындағы ауылда болған. Үш баланың анасы жұма күні кешке облыс орталығындағы жұмысынан үйге келген. Үйге жақындағанда кіші ұлы полэтилен пакетіндегі желімді иіскеп отырғанын көріп қойған. Анасы мен ұлы ұрысып қалған.

«Ол Әлиге ұрысып, кеудесі мен жағынған ұрып жіберген. Мас күйде болған жасөспірім анасының жейдесін жыртып жіберген. Сосын шапалақпен бір ұрып, жерге құлатқан», – деп жазады басылым.

Әйел орнынан тұрып, бәрін үлкен ұлына айтатынын айтып, үйге қарай жүрген. Сол кезде ұлы қолына тас алып, анасының басына лақтырып құлатқан. Содан басын мылжалағанша ұрған.

Жасөспірім анасының мәйітін қол арбамен бос тұрған көрші үйге апарып, қазылған шұңқырға жасырған. Қанға боялған киімін де сол жерге лақтырған. Кешкі уақытта оны ешкім көрмеген.

Жолда екі танысы кездесіп, одан ауылда неге ішкиіммен жүргенін сұраған. Ол күн ыстық екенін айтып, үйге ұйықтауға кеткен.

Ортаншы және үлкен ұлы, бұрынғы күйеуі әйелдің қаладан үйге оралмағанын айтып, дабыл қаққан. Бірнеше күннен кейін әйелге іздеу жарияланды. Кіші ұлы да қатысқан іздеу жұмысынан ешқандай нәтиже шықпаған.  

Әйелдің денесі 5 ай өткен соң табылды. Бос тұрған үйіне келген иесі шұңқырдан марқұмның жеке құжаты мен сөмкесін тауып алған.

Жауап алу кезінде жасөспірім анасын өлтіргенін бірден мойындаған. Сараптама оның қылмыс жасаған кезде мас болғанын, бірақ есі дұрыс болғанын анықтады. Алайда оның есірткіге тәуелділігі мен өзін кінәлі сезінгені мінез-құлқының бұзылуына әсер еткені белгілі болды.

Бүкіл отбасы қатысқан жабық сот процесінде үлкен ағасы судьялардан оған қатаң жаза - өмір бойына соттауды сұрады.

ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, судья қылмыскердің жасөспірім екенін ескеріп, оны кәмелетке толмағандар колониясында 10 жыл жазасын өтеуге үкім шығарды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды