614

Каспий теңізіне үрмелі матраспен шыққан үш қыз іздестіріліп жатыр

Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде Каспий теңізіне үрмелі матраспен шыққан үш қыз іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Каспий теңізіне үрмелі матраспен шыққан үш қыз іздестіріліп жатыр
smartnews.kz

Қыздар ашық теңізге 24 шілде күні шыққан.

«Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Полиция департаменті күштерімен үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды. Іздеу жұмыстарының нәтижелері қосымша хабарланады» делінген баспасөз мәліметінде.