Бүлдіршінді теуіп жіберген шетелдік елден қуылады - Динара Зәкиева

25.07.2023, 18:55
303
Бүлдіршінді теуіп жіберген шетелдік елден қуылады - Динара Зәкиева бейнежазбадан

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысындағы сауда орталығында бүлдіршінді тепкен шетелдік туралы пікір білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы облысының Қарасай ауданындағы сауда орталығында 4 жасар қыз баланы ер адам теуіп ұшырған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 1998 жылғы Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға жеткізді. Күдікті жауап алу барысында оқиғаны баяндап, өз кінәсін толық мойындады.

«Кеше маған сауда орталығында қыз баланың тепкіден құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Бұл жайт «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді. Әрекетті жасаған адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Алматы облысының Полиция департаментімен байланыстамын. Бұл факт бойынша сот шешімі күшіне енгеннен кейін, жазасын мұнда өтегеннен кейін оны ҚР шекарасынан шығаруға бағытталған сот процесі басталады», - деп жазды Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, уәкіл заңнамада балаларға қатысты қылмыстың осындай құрамына байланысты бап жоқ екенін атап өтті. Сондықтан, айыпталушы «кәмелетке толмағанға қатысты жасалған іс-әрекет» деген ауырлатушы біліктілік белгісі де жоқ «Бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылады.

«Осыған байланысты біз қазір Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, заңнамаға балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты тиісті баптарды енгізу жұмысын бастадық. Жалпы, түзетулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты әртүрлі саламен байланысты. Заңнамаға ұсыныстар пакетін ҚР Парламентіне осы күзде беруді жоспарлап отырмыз», - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

«Айтатын уақыт келді»: Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өмірін айтып берді «Қыз сияқты»: Төреғали Төреәлінің қарындасы екінші сәбиін күтіп жүргенін паш етті (ФОТО) «Шашым зақымдалып қалды»: Жұлдыз Өмірғали не үшін парик киіп жүргенін түсіндірді Алдағы мереке күндері пойыз билетінің бағасы қымбаттамайды «Жалғызбасты аналар мені түсінеді»: танымал актриса «Қалаулымға» барғаны үшін өкінетінін айтты «Менің энергиям бар»: әншіліктен алыстаған Ерке Есмахан елде жоқ әшекейін сатылымға шығарып, кәсіпкерлікке кетті IT саласында нан тауып жүргендер артып келеді «10 жас үлкен деп менсінбедім»: Мақпал Жүнісова мен Сембек Жұмағалив қалай табысқандарын айтты Кешіреміз бе, ағайын:  ҚТЖ басшысы пойыздың кешігуіне байланысты кешірім сұрады «Тақия мен бешпет кигізген»: Блогер итінің туған күнін дүркіретіп тойлады Оралда қыз көпірден секіріп кетті Тас жол серке тартатын жер емес: Ұлттық спортты ұлықтағандар қамауға алынды «AQYL BATTLE CUP» Республикалық зияткерлік сайысының жеңімпаздарымен онлайн пресс-конференция өтті Тіл тағдыры – ел тағдыры: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында атқарылған қадамдар Құлпынай өспесе де, жұмыс бар: Елімізде қанша шетелдік еңбек етіп жүр? Ер адам автобуста әйелді соққыға жықты Тариф қымбат: Мақта өндірісі қайдан дамиды? Жібек Рыбакинаның орнын баса ма? «Қызының атынан анасына «Мен сабақтамын» деп жазған»: 17 жастағы гимнаст қызды өгей әкесі өлтіріп кетті Сібір жарасы малдан емес, адамнан анықталды