804

172 500 теңгеге дейін: ғылыми атақ үшін берілетін үстемақы көбейеді

Қазақстанда ғылыми атағы бар ғалымдар үшін берілетін үстемақының көлемі көбейді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

172 500 теңгеге дейін: ғылыми атақ үшін берілетін үстемақы көбейеді
smartnews.kz

2023 жылдың 1 қаңтарында ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18 пайыз артқан болатын. Бұдан бөлек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан тағы 18%, ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан 17% көбеймек.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының ғылым мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген норма аясында ғылыми атағы бар ғылыми қызметкерлерге үстемеақы мөлшерін арттыру мәселесі де көзделген. 

Биылдан бастап ғылыми атақ болған кезде мынадай мөлшерде үстемеақы белгіленбек:

— Ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 25 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК). Яғни 86 250 теңге.

— Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 42 еселенген АЕК (бұрын 34 АЕК). Яғни 144 900 теңге.

— Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессор үшін 50 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК). Яғни 172 500 теңге.

Материал авторы