1780

Тойдан тестке: қалыңдық той көйлегімен тест тапсыруға келді

Магистратураға түсу үшін тест тапсырмақ болған қалыңдықтың суреті тарады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Тойдан тестке: қалыңдық той көйлегімен тест тапсыруға келді
ruslan_yemelbayev

Көкшетау қаласында магистратураға түсу үшін тапсырылатын кешенді тестілеуге қалыңдық той көйлегімен келген. Неке күні мен тестілеу күні тұспа-тұс келген қалыңдықтың жанында қолдау білдіру үшін жұбайы да келген.  

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев жағдайға қатысты былай деп пікір білдірді:

— Маңызды емтиханды жіберіп алмауға шешім қабылдаған бақытты қалыңдықты тестілеуге күйеу жігіт қолдап келді. Жас жұбайларға зор махаббат пен ауызбіршілік, ал қалыңдыққа сәттілік тілеймін!, - деп тілек білдірді Емелбаев.

Материал авторы