Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкектегі есірткі зертханасын жоюға көмектескен

27.07.2023, 10:52
481
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкектегі есірткі зертханасын жоюға көмектескен smartnews.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне есірткі зертханасын жоюға ықпал етті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Екі ел ведомстолары өзара әрекеттесе отырып, ТМД елдерінің аумағында таралып келген психотроптық заттардың ірі өндірісін жою операциясын іске асырды.

ҰҚК жедел қызметкерлері мониторинг барысында Қырғызстан Республикасындағы ірі есірткі лабораториясының жұмысы туралы ақпаратқа қол жеткізген. Халықаралық өзара әрекеттестік аясында жедел ақпарат әріптестерге жолданған.

Нәтижесінде 2023 жылғы 29 шілдеде Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдап жатқандарды ұстады. Осылайша жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың көшбасшысы мен оның екі көмекшісін қолға түсірді.

Тінту кезінде 30 келі «мефедрон», 2.2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы табылып, тәркіленген.

ҰҚК хабарлауынша, шет елдердің құзыретті органдарымен өзара әрекеттесе отырып халықаралық есірткі трафигі арналарын анықтау мен жолын кесу жұмысы тағы да жалғаспақ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды