Шымкентте экс-медбике есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды

27.07.2023, 11:39
799
Шымкентте экс-медбике есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды smartnews.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қала аумағында психотроптық заттар қойып кетумен айналысқан бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жұмысқа» шыққан автоледи полицейлерді байқап, есірткі орамынан тезірек құтылу үшін, оны жолдың шетінде тұрған өз көлігінің астына лақтырып жіберген. Жедел қызметкерлер буманың ішінен бір реттік 20 доза «синтетика» тапты.
Ұсталған бойжеткеннің көлігінің салонын тексеру кезінде тағы бір шағын орам гашиш тәркіленді. Бұған қоса, оң жақ еден кілемшесінің астынан құпия орындарды қазуға арналған пышақ табылды.

Тергеушілер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Бойжеткен жақында ғана медицина саласындағы қызметінен отставкаға кеткені белгілі болды.

«Қазір аталған жайт бойынша Еңбекші аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды», – деді есірткімен күресуші Бауыржан Қарбеков.

Полиция қызметкері есірткіні сату мақсатында заңсыз пайдалану бас бостандығынан айыру жазасына әкелетінін ескертті.

«Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады