Ақтаудағы мектеп бухгалтері 76 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды
Мектеп игілігі үшін бөлінген қаражатты жымқырған мектеп бухгалтері бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Тергеу нұсқасы бойынша Ақтаудағы мектептердің бірінде қызмет ететін бухгалтер өзіне 76 млн теңге бөлген.
- Штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеп келген. Мектептің бас бухгалтеріне төленуі тиіс жалақы мен банк шотының арасындағы айырмашылық анықталды. Мектеп бухгалтері өз кінәсін толық мойындады, – делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарламасында.
Ол ҚР ҚК-нің 189-бабы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.