Наразылық акциясы Тбилиси мен Батуми қаласында өткен. Оған ресейлік туристердің Грузия сайттарына берген сұхбаттарында: «2008 жылы Ресей Абхазияны грузиндерден азат етті» деген пікірі себеп болған. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» дегендей, осы сөз ілезде гурзиндер арасыеда тез тарап, оның соңы наразылық акциясына ұласқан.
Әуелі наразылық білдірушілер Тбилисидегі Парламент үйінің алдына жиналды. Сол жерде белсенділер Ресей туын өртеп жіберген. Ал Батумидегі наразылық акциясына халық Ресейге қарсы сөздер жазылған плакаттар мен транспоранттар алып шыққан.
Наразылық акциясы күшейген соң лайнер Батуми портынан кетуге мәжбүр болған.
Енді Грузия Ішкі істер министрлігі Абхазияға барған ресейлік туристерге қатысты қылмыстық іс қозғауы мүмкін делінуде. Грузия заңнамасына сәйкес оккупациядағы аймаққа барған адам қылмыс жасаған болып шығады.