Маңғыстау облысында 6 кәсіпорынға 20 млн жуық айыппұл салынды

28.07.2023, 18:20
399
Маңғыстау облысында 6 кәсіпорынға 20 млн жуық айыппұл салынды smartnews.kz

Биылғы алты айда Маңғыстау облысындағы 6 өндірістік нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 19 320 000 теңге айыппұл салынған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Алты айда өңірде 15 жазатайым оқиға болып, 19 қызметкер зардап шекті. Оның ішінде 13 қызметкер ауыр жарақат алып, 6 адам қаза тапқан. 2022 жылдың осындай кезеңінде кәсіпорындарда 19 жазатайым оқиға болған, соның салдарынан 25 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапқан», - дейді облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Алигер Іңкәров.

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2022-2023 жылдардың алғашқы алты айында өңірдегі барлық аудандар мен Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 60 жоспарлы тексеріс жүргізген.

Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша 6 өндірістік нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 19 320 000 теңге айыппұл салынған.

«Тексеру барысында 164 заң бұзушылық анықталды. Оларды жою үшін 24 нұсқама беріліп, 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, сондай-ақ 13 ескерту жазылды», - деді Алигер Іңкәров.

Атап айтқанда, өндірістік бақылаудың жеткіліксіздігі және желдету жүйелерінің болмауы, жұмыс орындарында микроклиматтың сақталмауы және өндірістегі жұмыс жағдайларында санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалмауы сияқты заң бұзушылықтар тіркелген.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды