Түркістандық оқушылар ғарыш наносерігімен байланыс орнатты

28.07.2023, 20:36
729
Түркістандық оқушылар ғарыш наносерігімен байланыс орнатты gov.kz

Түркістан қаласындағы оқушылар сарайында еліміздегі жалғыз спутниктік робот техникасы үйірмесі жұмыс істейді. Оған 30-ға жуық бала қатысса, басым бөлігі – қыздар, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Болашақ ғалымдар ғарыштағы наноспутникпен байланыс орнатып үлгерді. Олар өз жұмыстары арқылы ауа температурасы, қысым, ылғалдылық пен ауаның ластануы туралы мәліметтер жинады.

Жоба жетекшісі Еркін Ақтаевтың айтуынша, балалар теория арқылы нанотехнологияда микросұлбаларды құрастыруды үйренеді. Содан кейін олар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы барлық қажетті ақпаратты енгізеді.

«Басты мақсат – ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай туғызу арқылы үдеріс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар көмек көрсету, бағыт-бағдар беру. Бұл үйірмеге 12 жастан асқан ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады», - дейді ұстаз Еркін Ақтаев.

Айта кетерлігі, үйірмеге қатысушылар бір жыл ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Өткен жылы атмосфераның жоғарғы қабатына 2 заманауи наноспутник ұшырылды. Салмағы 1-ден 10 келіге дейінгі шағын ғарыш аппараттарына бірнеше камера мен сенсорлармен жабдықталған. Осылайша, осы наноспутниктердің көмегімен атмосфераға қатысты бірқатар ақпарат алынды. Қазан айында олар жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)