Ерлі-зайыптылар iPhone сатып алу үшін баласын сатып жіберген

29.07.2023, 10:52
1016
Ерлі-зайыптылар iPhone сатып алу үшін баласын сатып жіберген smartnews.kz

Елді дүрліктірген оқиға Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында болған. Ерлі-зайыптылар iPhone 14 сатып алу үшін баласын сатып жіберген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Гош отбасындағы оғаш өзгерісті көршілері байқаған. Олардың сегіз айлық сәбиі жоғалып кетеді, алайда ата-анасында ешқандай алаңдаушылық болмайды. Сонымен қатар олардың миллионнан кем тұрмайтын қымбат телефон сатып алуы көршілердің күдігін туғызады.

Қысымға ұшыраған әйел күйеуі екеуі iPhone сатып алу үшін баласын сатқанын мойындайды. Бұл оларға Бенгалияны аралап, сапарларынан роликтер түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуге мүмкіндік берген.

Бұдан да сорақысы, баланың әкесі сегіз айлық сәбиін сатпас бұрын, жеті жасар қызын саудаламақ болған.

Жергілікті полиция Сати есімді әйелді ұстады, бірақ оның күйеуі Джайдев Гош қашып үлгерген. Ол әлі іздестіріліп жатыр. Полиция ерлі-зайыптылардың үстінен қылмыстық іс қозғады, баланы сатып алған әйел де адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Өкінішке қарай, Үндістанда материалдық пайда үшін балаларын сатуға барған жұптар бұған дейін де болды. Айта кетсек, 2016 жылы қытайлық ерлі-зайыптылар iPhone сатып алу үшін 18 күндік қызын 3 530 долларға сатып жіберген.

Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды