471

Ақтөбелік тұрғыннан 22 орама есірткі табылды

Ақтөбеде полицейлер есірткі пайдаланушыны қолға түсірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ақтөбелік тұрғыннан 22 орама есірткі табылды
smartnews.kz

"Қарасора-2023" арнайы операциясы барысында полицейлер 30 жастағы жергілікті тұрғыннан 22 орама есірткі заттарын тәркіледі. 

Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 16,40 гр болатын а-PVP екені анықталған. 

Ер адам бұл орамаларды Telegram әлеуметтік желісі арқылы интернет-дүкеннен сатып алғанын түсіндірген. 

Сондай-ақ ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында полиэтилен пакетке оралған, ішінде ұнтақ заты бар 9 орама тәркіленген. Ол зат жалпы салмағы 7,55 гр мефедрон екені анықталған. 

Ведомствоның берген ақпаратына сәйкес, ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.