Алматыда инспектор жерді заңсыз иемденіп алған

29.07.2023, 20:14
533
Алматыда инспектор жерді заңсыз иемденіп алған smartnews.kz

Алматыда әкімдік қызметкері – «Әйгерім» шағынауданның инспекторы жер учаскесін заңсыз иемденіп алған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 26 шілде күні шаһар басшысы Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғыны «Әйгерім» шағынауданында контейнерді заңсыз орнату және жерді заңсыз басып алуға қатысты шағым айтқан болатын.

Ақпараттың анық-қанығын Алатау ауданының әкімі А.Қалдыбеков, Алатау ауданы бойынша қалалық жоспарлау және аумақты дамытуды үйлестіру қызметінің және жер ресурстарын басқару департаментінің басшылығы барып тексерді.

Әкімдік өкілдері контейнер орнатылған жер 2018 жылдан бастап қала резервінде екенін анықтады. Тиісінше, оны жекеге беру мүмкін емес.

«Муниципалды меншікке «Әйгерім» шағынауданның инспекторы Сәбит Балтабайұлы қол сұғуға әрекеттенді.

Жерді иелену құқығына дәлел ретінде ол әділет органдарында тіркелмеген 1998 жылғы заңсыз шешімді көрсеткен. Тексеру нәтижесінде инспекторды қызметтен босату туралы шешім қабылданды«, - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жұмыстан босату туралы бұйрық қала әкімінің аппаратына жіберілді.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады