Пәкістандағы жарылыс: Зардап шеккендер саны 200-ге жетуі мүмкін

31.07.2023, 09:27
518
Пәкістандағы жарылыс: Зардап шеккендер саны 200-ге жетуі мүмкін Anadolu Agency

Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының сайлауалды митингі кезінде болған күшті жарылыстан 44 адам қаза тапты.

Шабуылды елдегі жағдайды ушықтыруға тырысқан жиһадшылар ұйымдастыруы мүмкін, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

ВВС-ге билік өкілдерінің хабарлауынша, полицияда жарылысты жаңкешті лаңкес жасағанына дәлелдер бар.

Түрлі дереккөздер бойынша, зардап шеккендер саны 200-ге жетуі мүмкін. Ауданды қоршауға алған қауіпсіздік қызметі құрбандар саны одан көп болуы ықтимал екенін ескертті, себебі митингке 500-ге жуық адам қатысқан.

Жергілікті телеарна эфирінде жедел жәрдем қызметтері жараланған адамдарды жергілікті ауруханаға қалай жеткізіп жатқандары көрсетілді. Ал аса ауыр науқастарды тікұшақпен Пешавара емханаларына жіберіп жатыр.

Жергілікті ауруханада дәрігер де, кереует те жетіспейді. Олар мұндай көп науқасты қарап үлгермей жатыр. Жараланғандардың кейбірі көмек күтіп дәліздерде жатыр.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан JUI-F аймақтық көшбасшысы Маулана Зиаулла да мерт болды. Жарылыс ол жақтастарына сөз сөйлеп жатқан кезде болған.

JUI-F – ірі діни саяси партия. Ол Пәкістан парламентіндегі үкімет коалициясының құрамына кіреді. Хар қаласындағы митинг елде биыл күзде өтуі керек жалпыұлттық парламент сайлауы қарсаңында ұйымдастырылды.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді