Түркістан облысында заңсыз құм карьерлерінің жұмысы тоқтатылып жатыр

31.07.2023, 11:21
778
Түркістан облысында заңсыз құм карьерлерінің жұмысы тоқтатылып жатыр gov.kz

Түркістан облысындағы Арыс қаласы мен Шардара ауданында заңсыз құм карьерлерінің жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Аймақты кесіп өтетін Сырдария өзенінің бойынан құм тасыған компаниялар енді қалпына келтіру жұмысын жүргізетін болады. 

«Пантокрин» компаниясы ерекше қорғаудағы аумақтан заңсыз құм тасып келген. Нақты шығын әлі есептеліп жатыр.

«Сырдария-Түркістан» өңірлік паркі орман бөлімінің меңгерушісі Мансұрбек Бурханбаевтың айтуынша, Арыс қаласында тағы 2 заңсыз жер қорғау аймағында шекаралас тұрған аймақта жұмысын тоқтатқан.

- Табиғатқа залал келтірген мекеме енді қазған жерді тегістеумен айналысады. Бұл процесс тікелей мамандардың бақылауында болады. Табиғат сақшылары тоғай маңы ерекше қорғауда екенін ескертетін белгілер мен бөгде көліктер кірмеуі үшін шлагбаум орнатты, - делінген облыстық әкімдік хабарламасында.

Табиғи ресурстарды пайдаланып келгендердің біразы Шардара ауданында да анықталған. Сырдарияның бойындағы дәл осы жерді құм тасушы компания ұзақ уақыт пайдаланып келген. 

Компанияның жолы кесілгеннен кейін құм тасу үшін тағы жер сұраған. Алайда олардың арызы қанағаттандырылмаған.

Бүгінгі таңда құм тасушы компанияның вагоны әлі күнге дейін тұр. Олар бірнеше аумақты қазып тастаған. Әкімдіктің мәліметінше, енді бұл мекемеге де тиісті шара қолданылмақ.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)