603

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты
akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.