Алматы облысында 11 мектеп оқу жылына әлі дайын емес

31.07.2023, 19:23
678
Алматы облысында 11 мектеп оқу жылына әлі дайын емес t.me/oqu_agartu

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша орта білім комитеті Алматы облысының 11 мектебінің күрделі жөндеуіне мониторинг жүргізді. Жұмыс сапары барысында министрлік өкілдері белгіленген мерзімде жұмыстарды сапалы аяқтау туралы ұсынымдар берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Орта білім беру комитетінің хабарлауынша, жөндеуден өтіп жатқан мектептердің көбі 1970-1980 жылдардың басында салынған.

Олардың қатарында Қонаев қаласының Қ.Қайсенов атындағы №4, Іле ауданы Екпінді ауылының №2 орта мектептері, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының А. Малкеев атындағы Білім-инновация лицейі, Шелек ауылының Абай атындағы, Есік қаласының Абылайхан атындағы №4 орта мектептері, Қаскелен қаласының Қ. Сәтбаев атындағы мектебі, Кеген ауданының Жаңабаев атындағы, Талғар ауданының К.Нұрпейісов атындағы, №10, № 12 орта мектептері бар.

Қазіргі уақытта барлық 11 білім нысанында демонтаж және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүріп жатыр.

«Орта білім комитеті мен министрліктің аумақтық бөлімшелері бірлесіп мектептердің жаңа оқу жылына дайындық деңгейіне мониторинг жүргізді. 11 білім беру объектісінде кешенді жөндеу және мектеп аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың басым бөлігінде жөндеу жұмыстары маусым айында басталған. Шартқа сәйкес аяқталу мерзімі 6 айдан 11 айға дейін созылуы мүмкін, яғни оқу жылының басында мектептер балаларды қабылдауға дайын болмайды. Біз білім басқармасымен бірлесіп оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін білім алушылардың уақытша орналасу орындарын белгіледік. Өз кезегінде мердігер ұйымдар жөндеуді белгіленген мерзімнен бұрын аяқтауға дайын», - деп атап өтті орта білім комитеті басқармасының басшысы Гүлнар Таласбаева.

Орта білім комитетінің ұсынымдары бойынша білім басқармасы мен мектептер әр мектеп бойынша модификациялау жоспарын әзірледі.

photo

Білім басқармасына жақын орналасқан басқа мектептердің жобалық қуаттылығын ескере отырып, барлық оқушыларды оқытумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді.

Сондай-ақ ата-аналармен, педагогикалық қоғамдастықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтау, жөндеу жұмыстарының барысын қадағалайтын мониторингтік жұмыс топтарын құру бойынша ұсыныстар берілді.

Айта кету керек, министрлік еліміздің басқа да өңірлеріндегі білім беру ұйымдарында мониторинг жұмысын жалғастырады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады