Адамды аздырады: Ауғанстанда тәліптер музыкалық аспаптарды өртеп жатыр

31.07.2023, 20:31
566
Адамды аздырады: Ауғанстанда тәліптер музыкалық аспаптарды өртеп жатыр pixabay.com

«Талибан» экстремистік қозғалысының өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған) мыңдаған доллар тұратын музыкалық аспаптар мен аппаратураларды өртеді. Олардың пікірінше, музыка моральдық азғындауға әкеледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Гитара, халықтық перкуссиялық аспаптар, күшейткіштер мен колонкаларды Герат провинциясындағы тәліптердің діни полициясы өткен демалыс күндері өртеп жіберді.

Мұның көп бөлігі той өтетін орындардан тәркіленді.

Ізгілікті ынталандыру және жамандықтың алдын алу министрлігінің аймақтық филиалының басшысы шейх Азиз Рахман Мухаджирдің айтуынша, музыка «жастарды жалған бағытқа бағыттайды және қоғамның жойылуына әкеледі», деп хабарлады Бахтар мемлекеттік ақпарат агенттігі.

2021 жылы тәліптер ел билігіне оралғаннан кейін олар көп нәрсеге тыйым салды – соның ішінде көпшілік алдында музыка орындауға да тыйым бар.

Ауғанстан ұлттық музыкалық институтының негізін салушы Ахмад Сармаст «мәдени геноцид және музыкалық вандализм» деп атайды. Би-би-сиге берген сұхбатында ол ауған халқын шығармашылық еркіндіктен айырып жатқанын атап өтті.

«Гераттағы музыкалық аспаптардан жасалған алау – «Талибанның» басшылығымен Ауғанстанда болып жатқан мәдени геноцидтің тек бір бөлігі ғана», - дейді ол.

Тәліптер үшін музыкамен күрес – әдеттегі іс: 1990 жылдардың ортасынан 2001 жылға дейін елді билеп тұрған шағында олар қоғамдық шараларда, радио және телеарналарда кез келген музыканы орындауға тыйым салған.

Кейін, зайырлы үкімет кезінде ауған музыкалық сахнасы гүлденген, алайда 2021 жылдың тамызында «Талибандар» қайта оралғанда көптеген музыканттар шетелге қашуға мәжбүр болған.

НАТО күші елден кеткенде Ауғанстанда қалған әншілер мен музыканттар қысымға ұшыраған. Ұлттық музыка институтының студенттері мен мұғалімдері оқуға қайта келмеген.

Ал, әйелдерден тек көзі көрінетіндей киінуді талап етіп отыр. Үйінен 72 шақырым қашықтыққа шыққан әйелдердің жанында туыс ер адам болуы міндетті.

Қыздарға және әйелдерге мектепке немесе университетке, спортзалға немесе саябаққа баруға тыйым салынды.

Осы жылдың шілде айының басында Талибан үкіметі жанындағы ізгілікті ынталандыру және жамандықтың алдын алу министрлігі елдегі барлық шаштараздар мен сұлулық салондарын бір ай мерзімге жабу туралы бұйрық шығарды, бұл әйелдер құқығына тағы бір соққы болды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды