Заңсыз қоқыс төккен 130-дан астам құрылыс компанияға 19 млн теңге айыппұл салынды
Астанадағы бірқатар құрылыс компаниясына абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Полиция департаменті мен бірыңғай анықтамалық қызмет бірлесіп, абаттандыру ережелерін бұзғандарға қатысты тексеріс жүргізді.
Жеті ай ішінде 1 721 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал оның ішінде 134 құрылыс компаниясы мен 89 қызмет көрсететін ұйым бар. Айыппұлдардың жалпы сомасы 19 млн теңгеден асады.
– Бұдан басқа белгіленбеген жерлерге қоқысты тастап кететін адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 240 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 6 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ 33 жүргізуші топырақ, қоқыс, сусымалы құрылыс және басқа да материалдарды жабынсыз тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды, – делінген полиция хабарламасында.