550

20 000 долларға бір бүйрегін сатпақшы болған адам әуежайда ұсталды

33 жастағы ер адам бүйрегін қолма-қол ақшаға сатпақшы болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

20 000 долларға бір бүйрегін сатпақшы болған адам әуежайда ұсталды
polisia.kz

Ер адам бүйрек сату туралы Telegram-ға хабарландыру жариялаған. Кейін онымен сатып алушылар байланысып, екі жақ операцияны Кенияда өткізуге келіскен.

Осылайша ер адам 30 шілде күні Алматы халықаралық әуежайында ұсталған.

Оқиғаға қатысты «Адам ағзалары мен тіндерін күштеп алу немесе заңсыз алу» бабы бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.