2080

Абай облысында 15 жастағы қызды жүкті еткен жігітке сот үкімі шықты

Кәмелет жасына толмаған қызбен қарым-қатынасқа түскен азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылатын болды. Бұл туралы толығырақ smartnews.kz сайты хабарлайды.

Абай облысында 15 жастағы қызды жүкті еткен жігітке сот үкімі шықты
unsplash.com

21 жастағы жігіт 15 жастағы жасөспіріммен әлеуметтік желіде танысып, ұзақ уақыт сөйлесіп жүрген. Бір-бірін ұнатқаннан кейін олар кездесе бастаған. Ал қыздың кәмелетке толмағанына қарамастан, ата-аналары олардың қарым-қатынасына қарсы болмаған. Олардың кездесулерінің нәтижесі жүктілікке әкеп соққан. Жүктілік жайын білгеннен кейін, екі жақтың ата-аналары қыздарының 16 жасқа тола салысымен балаларды бірден үйлендіруге келіскен. Алайда, мектеп медбикесі Ленаның жүкті болғанын біліп, аудандық полиция бөліміне хабарласқан.

ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша он алты жасқа толмаған азаматтармен жыныстық қатынас үшін жауапкершілік қарастырылған. Аталған баппен жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.