Жалпы жүлде қоры 16 млн теңге: әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау аяқталды

02.08.2023, 15:07
600
Жалпы жүлде қоры 16 млн теңге: әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау аяқталды wallspic.com

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып жатқан әдеби байқауға өтінім қабылдау аяқталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Елімізде тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға берілетін арнаулы әдеби сыйлықта әр жеңімпаз үшін 4 млн теңге сыйақы берілмек. 18-35 жас аралығындағы қаламгерлерге арналған әдеби сыйлыққа өтінім беру аяқталған.
 
Министрліктің берген ақпаратына сәйкес, байқауға барлығы 53 үміткердің құжаты қабылданған. Олардың ішінде 17 қатысушы – «Балалар әдебиеті» номинациясына, 9  – «Драматургия» номинациясына, 13 – «Поэзия» номинациясына, 14 қатысушы – «Проза» номинациясы бойынша өтінім берген.
 
Қазіргі таңда барлық шығармалар сараптаманың бірінші кезеңінде, яғни әдеби сыйлықтың эксперттер комиссиясының қарауына ұсынылған. Туындылар эксперттердің қарауына авторы жасырынып, шифр бойынша таратылған. Яғни эксперттер тек шығарманы бағалайтын болады.
 
Сараптаманың екінші кезеңі тамыз айының екінші жартысына жоспарланып отыр. Әдеби сыйлық негізгі 4 номинация бойынша үздіктерді анықтайды. Әр номинацияда жеңімпазға 4 млн теңге сыйақы және «Арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом және төсбелгі беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау жыл соңына жоспарланған.
 
«Жас қаламгерлердің шығармашылығын қолдау, ынталандыру және насихаттау аса маңызды. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған сыйлықты еліміздің рухани ортасы жылы қабылдады. Салыстырмалы тұрғыда басқа номинацияларға қарағанда «Балалар әдебиеті» бағытына көбірек шығарма түскені негізгі мақсаттарымыздың біріне қол жеткізгеніміз деуге болады. Бүгін жас қаламгерлерге жасалған қолдау, ертең үлкен жазушылардың қалыптасуына септігін тигізетіні анық»,- деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды